Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. А. Смайыловқа
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгiзу туралы» қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – ӘМ).
2. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтемемен жобаны қабылдау үшін негіздемелер және (немесе) оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері
Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Мемлекеттік органдардың тиісті шешімдер қабылдау барысындағы жауапкершілік пен дербестігін арттыруға бағытталған, Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін кеңейту мемлекет саясатына сәйкес келеді.
3. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі түсіндірме жазбаға міндетті түрде қоса беріледі)
Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздемейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
5. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, мемлекеттік тіркеу процедурасын оңтайландыру.
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және (немесе) Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шiлдедегi № 460 «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» және 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» қаулылары.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіктің болмауы
Талап етілмейді.
8. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат
Халықаралық шарт болып табылмайды.
9. Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес, мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
10. Жобаның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуы туралы ақпарат (күні, байт көлемі)
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында 2023 жылы --- ақпанында, сондай-ақ www.adilet.gov.kz ӘМ интернет-ресурсында 2023 жылы --- ақпанында орналастырылды. Байт көлемі: --- КБ.
11. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат
Талап етілмейді.
12. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Сәйкес келеді.
13. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелері
Талап етілмейді.
14. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі
Талап етілмейді.
15. Мемлекеттік органда қоғамдық кеңесті құру «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген жағдайды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі А. Ескараев