А.ж. 1 ақпанда Әділет министрлігі Бас прокурордың, Әділет министрінің және Cыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының бірлескен бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі – ВЖТ) отырысын өткізді.
2022 жылғы 4 тамызда БҰҰ Жоғарғы комиссарының басқармасы ҚР азаматы Т.Иржанұлының № 4196/2022 мемлекетке қарсы жеке шағымын қарастыру мақсатында нота жолдады.
Халықаралық міндеттемелер негізінде а.ж. 1 ақпанда Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және адам құқықтары саласындағы жұмысты үйлестіру департамент директоры А.Ехласованың төрағалығымен ВЖТ отырысы өтті. Аталған отырыста уәкілетті мемлекеттік органдар
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің сұрауын қарастырды.
Отырысқа Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Сыртқы істер және Әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.
Қарау нәтижелері туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Комитет қағидаларында белгіленген мерзімдерге сәйкес жариялайтын болады.