Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 73 от 27.01.2023 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылғы
5 мамырында Гулайдар Капаркулкызы Тусупбековаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003086 мемлекеттік лицензиясының қолдану мерзімі 2023 жылғы 5 наурызға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
адвокат Г.Тусупбекованың, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорына жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: адвокат Г. Тусупбекованың өтініші, Алматы қалалық адвокаттар алқасының өтініш хаты.

 


Вице-министр                                                                                           А. Муканова

Дата публикации
27 января 2023