№ 86 от 01.02.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың
1 қыркүйегінде Асель Маграшевна Махамбетова-Калыковаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003260 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Павлодар облысы Әділет департаменті:
1) А.М. Махамбетова-Калыкованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Павлодар облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) А.М. Махамбетова-Калыковаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Павлодар облысы Әділет департаментінің 28.12.2022 жылғы ұсынысы, Павлодар облысының қылмыстық сот алқасының қаулысымен 13.12.2022ж. заңды күшіне енген соттың үкімі 20.09.2022ж.
Вице-министр А. Муканова