№ 76 от 31.01.2023
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Тегін өзгертуіне байланысты, Дана Кабдыкаримовна Сагатбековаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 2011 жылы 17 қарашада берілген № 11002920 мемлекеттік лицензиясы Дана Кабдыкаримовна Алимбаеваға қайта ресімделсін.
2. 2011 жылы 17 қарашадағы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 11002920 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) Лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вице-министр А. Ахметова