Лицензиялар беру туралы

№ 77 от 31.01.2023 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына, «Нотариат туралы»  Қазақстан  Республикасы Заңының  8-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына адамдарға:

Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:

Жулдуз Темирбаевна Тимге;

Гүлжаһан Ержанқызы Момбекке;

Александра Анатольевна Куприйге;

Аскар Максутович Ихсановқа;

Тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілімен тергеу органдарынан босатылған:

Ляйля Болатовна Кенжегаринаға;

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адам үшін:

Бахтияр Булатович Байсаринге адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін.

2. Мына адамға:

Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:

Нурпейс Асылбекович Кадыровқа;

Арман Жумагалиевич Бетчиновке;

Нұрбол Болатұлы Сұлтановқа;

Акмарал Шадмановна Нуртаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттар және жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензиялар туралы ақпаратты орналастырсын.

4. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен салыстыру жүргізілді.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т.Тленчиевке жүктелсін.

6. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.

 

 

Вице-министр                                                                   А. Ахметова

Дата публикации
31 января 2023