№ 71 от 27.01.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Перизат Жакановна Ахатаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2004 жылғы 20 қазанда берілген № 0001982 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус П.Ж.Ахатаеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус П.Ж.Ахатаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2023 жылғы 5 қантардағы № 07-15/33-И ұсынысы, 14.12.2022 ж. Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 ұйғарымы.
Вице-министр А. Мұқанова