№ 63 от 26.01.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гүлсім Ілебекқызы Сепбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2004 жылғы 27 сәуірде берілген № 0001848 мемлекеттік лицензияның қолданысын 2023 жылдың 9 шілдесіне дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласның Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.І.Сепбаеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.І.Сепбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директорының м.а. Р.С.Досановға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус Г.І.Сепбаеваның өтініші және Алматы қаласының Әділет департаментінің 2023 жылғы 09 қаңтардағы № 07-15/74-И ұсынуы.
Вице-министр А. Мұқановаға