Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 70 от 27.01.2023 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылы 23 мамырда Сарсен Куанышевич Тулентаевтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 19011282 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үкім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
С.К. Тулентаевтың, адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнын хабардар ету бойынша бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №190000041000071 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қ. бойынша департаментінің Тергеу басқармасының тергеушінің айыптау актісі

 

Вице-министр                                                                                 А. Муканова

Дата публикации
27 января 2023