Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 62 от 26.01.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Динара Бабасановна Жаркимбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 18 маусымда берілген №12004791 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Б. Жаркимбаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Б. Жаркимбаеваның мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Атырау облысы Әділет департаментінің 26.12.2022 жылғы № 1-05/10846-И ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                                     А. Муканова

Дата публикации
26 января 2023