Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 48 от 20.01.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульмира Алшимовна Алдамжароваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 03 қазанында берілген № 12012960 мемлекеттік лицензияның қолданысын 2026 жылдың 17 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.А.Алдамжарованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.А.Алдамжарованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: нотариус Г.А.Алдамжарованың өтініші және Астана қаласының Әділет департаментінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 2-05/455-И  ұсынуы.

 

Вице-министр                                                                              А. Муканова

Дата публикации
20 января 2023