№ 49 от 21.01.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айниса Рахметовна Айтжановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2017 жылғы 26 қазанда берілген № 17018361 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Алматы облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Р. Айтжанованың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус А.Р. Айтжанованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Р. Айтжанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 01.09.2022 жылғы шешімі, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 13.12.2022 жылғы қаулысы.
Вице-министр А. Муканова