Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 32 от 13.01.2023 

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3-1- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2013 жылғы 14 қарашада Асель Сакеновна Нурбековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 13017621 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.С.Нурбекованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы  № 2-05/547 ұсынысы, А.С.Нурбекованың 2023 жылдың 10 қаңтардағы арызы.

 

 

Вице-министр                                                                                    А. Ахметова

Дата публикации
13 января 2023