Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 34 от 13.01.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанар Абдикеримқызы Каттабековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылғы 21 маусымда берілген № 0000104 мемлекеттік лицензияның қолданысын 2023 жылдың 30 маусымына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Шымкент облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.А.Каттабекованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.А.Каттабекованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: нотариус Ж.А.Каттабекованың өтініші және Шымкент қаласының Әділет департаментінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы №  02-16-05/53 ұсынуы.

 

 

Вице-министр                                                                              А. Ахметова

Дата публикации
13 января 2023