Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 25 от 12.01.2023 

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3-1- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1998 жылғы 27 қарашада Гульнара Басымбековна Алимхановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000328 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Түркістан облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Б. Алимханованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы  № 02-75-6/58-И ұсынысы, Г.Б.Алимханованың 2023 жылдың 6 қаңтардағы арызы.

 

 

Вице-министр                                                                                    А. Ахметова

Дата публикации
12 января 2023