Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 33 от 13.01.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
17 наурызда Нуржан Жумабаевна Такеноваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002485 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаменті:

1) Н.Ж. Такенованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

2) Н.Ж. Такенованың  адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 10.01.2023 жылғы №6-3-2/49-И ұсынысы,  Н.Ж. Такенованың 08.09.2022 жылғы № 20-617-22-0002365  қайтыс болу туралы акт жазбасы.

 

 

Вице-министр                                                                                 А. Ахметова 

Дата публикации
13 января 2023