Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған іс-шаралар қорытындылары бойынша есебі

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) жұмыс істейді, оның құрамына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Association Digital Kazakhstan» ММ, «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйым» ММ, «AUTISM KAZAKHSTAN» ұлттық қауымдастығы, «Көмек» адам саудасы құрбандарының уақытша тұру орталығы» ММ, Қазақстан Республикасы Республикалық нотариаттық палатасы, «Curator Palata» заң консультанттары палатасы, Республикалық адвокаттар алқасы, «KK Regulatory Consulting» ЖШС консалтингтік компаниясы, Республикалық сот-сараптама палатасы, «Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттар палатасы, Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы сияқты әртүрлі салалардың өкілдері кіреді.

Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, жыл басынан бері Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қоғамдық кеңестің 8 отырысын ұйымдастырып, өткізді.

Отырыстарда: Сот актілерін орындау бойынша жұмыстың қорытындылары; Ұлттық зияткерлік меншік институты қызметінің ұйымдастыру мәселелері; Сот сараптамасы орталығы; Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпараттандыру институты; Министрліктің және оның аумақтық органдарының 2021 жылы азаматтардың өтініштерін қарау, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өтініштерін қарау нәтижелері бойынша талдауды талқылау; адвокаттар мен заң консультанттарының қызметін автоматтандыру бойынша «Е-Заң көмегі» көмек көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған даму жоспарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жобалары және басқа да мәселелер қаралды және талқыланды.

Оның ішінде Заңға сәйкес Қоғамдық кеңестің алдында Министрдің 2022 жылға арналған жұмыс нәтижелері туралы есебі тыңдалды, Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірауыздан дауыс беруімен Министрдің есебі қабылданды.

Бұдан басқа, 58 нормативтік құқықтық актінің жобасы оның ішінде: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 9 қаулысының жобасы, Министрліктің 49 бұйрығының (бірлескен бұйрықтарды қоса алғанда, яғни келісілген немесе айтылған) жобасы қаралып, келісілді

Сонымен қатар, 2022 жылғы маусымда Қоғамдық кеңес төрағасы: Қоғамдық кеңестер бойынша тренингке (наурыз), Қоғамдық кеңестер бойынша стратегиялық сессияға, Қазақстан Республикасындағы Қоғамдық кеңестердің қызметі, атап айтқанда комиссияның тұсаукесері. Қоғамдық кеңестердің «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» қызметі туралы ұлттық баяндаманы таныстыруға (қыркүйек), Қоғамдық кеңестердің 3-съезіне (қазан), Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы «Ұлттық баяндаманы сарапшылық талқылауға» (қараша) және іс-шараларға белсенді қатысты.

Қоғамдық кеңестің қызметін жетілдіру жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері «Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы» Ұлттық баяндаманың жобасын талқылауға, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген адвокаттық қызметке үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның отырысына және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділеттің аттестаттау комиссиясына және басқа да өткізілетін іс-шаралар мен тренингтерге белсенді қатысады.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Министрліктің Қоғамдық кеңеспен тиімді өзара іс-қимылы бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Дата публикации
23 января 2023