Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 24 от 12.01.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Зауре Ерболатовна Бекжановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2018 жылғы 26 маусымда берілген № 18012658 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус З.Е. Бекжанованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус З.Е. Бекжанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2023 жылғы 4 қантардағы № 1-05/34671 ұсынысы, 29.12.2022 ж. Астана қаласы Алматы аудандық сотының ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                           А. Ахметова

Дата публикации
12 января 2023