Лицензиялар беру туралы

№ 23 от 11.01.2023 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына, «Нотариат туралы»  Қазақстан  Республикасы Заңының  8-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына адамдарға:

Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:

Айғаным Нұржанқызы Ақыпбековаға;

Аблахат Тлектесович Мергенбаевқа;

Айнагүл Серікқызы Айсұлтановаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін.

2. Мына адамдарға:

Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:

Асель Амангельдыевна Сулейменоваға;

Алтай Мусаевич Амантаевқа;

Хилола Азизхановна Садулаеваға;

Мадина Аманжоловна Кудириноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттар және жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензиялар туралы ақпаратты орналастырсын.

4. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен салыстыру жүргізілді.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т.Тленчиевке жүктелсін.

6. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.

 

Қазақстан Республикасы

әділет вице-министрі                                                                 А. Ахметова

Дата публикации
11 января 2023