1. Жалпы ережелер
1. Құқық түсіндіру және үйлестіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымын, штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.
4. Департамент мыналардан тұрады:
1) Құқық түсіндіру басқармасы;
2) Құқықтық мониторинг басқармасы;
3) Нормашығармашылық қызметті үйлестіру басқармасы.
2. Департаменттің міндеттері, құқықтары мен міндеттері
5. Департаменттің міндеті:
құқық түсіндіру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру;
нормашығармашылық қызметті жетілдіруді;
Қазақстан Республикасы заңнамасының құқықтық мониторингін жүргізу;
Қазақстан Республикасындағы құқықтық мониторинг жүйесінің дамуына, оның ішінде уәкілетті органдардағы құқықтық мониторинг жүргізуіне жәрдемдесу.
6. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
Құқықтық мониторинг, құқық түсіндіру, нормашығармашылық қызметті үйлестіруді жетілдіру қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізу;
Департаменттің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты және материалдарды мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдар жанынан жұмыс істейтін ғылыми ұйымдармен, салалық институттармен өзара іс-қимыл жасау.
Міндеттері:
өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындаушылық және еңбек тәртібін, тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Премьер-Министрдің және Министрдің тапсырмаларын орындау;
Департамент қызметкерлерінің біліктілігін жүйелі түрде арттырумен айналысу;
Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу.
7. Департаменттің Функциялары:
Департаменттің құзыретіне жататын салалар бойынша құқық қолдану практикасының есебімен талдау жүргізу және НҚА жобаларын әзірлеу;
мемлекеттік органдар қызметіндегі құқық түсіндіруді ұйымдастыру;
жеке және заңды тұлағаларды құқықтық ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының «Заң үстемдігі индексі» макроиндикаторы бойынша (Rule of Law Index, НГО «The World Justice Project») позициясын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүргізу;
мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметі бойынша қызметін үйлестіру;
мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің қызметін үйлестіру, оның ішінде заң қызметтерінің Үйлестіру кеңестері арқылы өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің нормашығармашылық қызметін талдау;
нормашығармашылық қызметті цифрландыру;
мемлекеттік органдардың есептері негізінде құқықтық мониторинг бойынша қорытынды есептерді әзірлеу;
заңнаманың салалары/кіші салалары, құқықтық институттар бойынша таңдамалы құқықтық мониторинг жүргізу;
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарын орындау бойынша ақпаратты ұсыну, сондай-ақ ӘМ интернет-ресурсында жариялау;
жүргізіліп жатқан құқықтық саясатты құқықтық жариялау бойынша есеп беру, сондай-ақ халықты құқық түсіндірудің әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері туралы хабардар ету;
заң жобаларына ғылыми құқықтық және лингвистикалық сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкін және Қазақстан Республикасының нормативтык құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімін жүргізу бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдау бойынша, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің дерекқорына жалпыға бірдей тегін қолжетімділік қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың жиынтық ақпаратын талдау және қорытындылау;
Департаменттің құзыретіне жататын депутаттық сауалдарды қарау және жауаптарды дайындау;
Департаменттің құзыретіне жататын Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына, Министр мен жетекшілік ететін Вице-министрдің қатысуымен өтетін кеңестерге анықтамалық материалдарды пысықтау және дайындау;
Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
Департаменттің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл;
Департаменттің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерінің З
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
8. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Директор басқарады.
10. Департамент директорының бір орынбасары болады.
11. Департамент директоры Құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
12. Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
13. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.