ҚР Әділет министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1120 бұйрығымен бекітілген ҚР ӘМ ІАБ-ң 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша объектілерде 9 аудиторлық іс-шара жүргізілді: Ақмола, Атырау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының Әділет департаменттері, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-ң филиалдары Ақмола, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстары бойынша Сот сараптамалары институттары (бұдан әрі - ССО) (2021 ж. – 7 объект).
Ішкі мемлекеттік аудитпен 2022 жыл бойынша қамтылған қаражаттың көлемі 9 704 858,4 мың теңгені құрады.
Аудит нәтижелері бойынша 324 808,3 мың теңге жалпы сомаға (2021 ж. бойынша – 216 762,1 мың теңге) бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде өтеуге жататын сома 2 771,6 мың теңгені (2021 ж. бойынша – 3189,5 мың теңге) құрады, қалпына келтіруге жататын сома 8 330,8 мың теңгені (2021 ж. бойынша – 15437,2 мың теңге) құрады, оның ішінде 2 771,6 мың теңге өтелді (2021 ж. бойынша – 1389,7 мың теңге) және 8 330,8 мың теңге немесе 100 % қалпына келтірілді (2021 ж. 10 айы бойынша – 15437,2 мың теңге).
Барлық аяқталған аудиторлық іс-шаралар бойынша аудит объектілеріне ішкі аудит нәтижелері туралы есептер және қызмет бағыттары бойынша бұзушылықтарды болдырмау, бұзушылықтарға жол беру тәуекелдерін төмендету бойынша тұжырымдар мен ұсынымдардан құралған шешімдер жолданды.