№ 6 от 06.01.2023
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына адамдарға:
Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:
Асель Сагибергеновна Айтековаға;
Азамат Айтжанович Туктагановқа;
Эльмира Бактыкереевна Туремуратоваға;
Кансейт Изтаевич Искаховқа;
Жанна Нарзуллакызы Курбановаға;
Максим Владимирович Поляковқа;
Қанат Бақытжанұлы Сатыбалдиевке;
Зайниддин Ташпулатович Султанмуратовқа;
Нуртуған Бекботаұлы Өмірзаққа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.
2. Мына адамдарға:
Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:
Одылжан Барзуевич Акрамовқа;
Умит Адиловна Амирхановаға;
Назгүл Нурлангазиевна Сейтеноваға;
Самал Бостандыковна Жамантаеваға;
Алия Сериковна Ирматкалиеваға;
Эльмира Бахытжановна Курманалиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттар және жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензиялар туралы ақпаратты орналастырсын.
4. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен салыстыру жүргізілді.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.
Қазақстан Республикасы
Әділет вице-министрі А. Муканова