Лицензиялар беру туралы

№ 1085 от 30.12.2022 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына, «Нотариат туралы»  Қазақстан  Республикасы Заңының  8-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына адамға:

Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:

Абылай Арманулы Жумажановқа;

Бахытгуль Кабдукаметовна Сулейменоваға;

Сандугаш Бескемерге;

Прокурор лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілімен прокуратура органдарынан босатылған:

Кунсая Кабибулловна Балгожинаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.

2. Мына адамдарға:

Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:

Дамир Аманжолович Нурмугамбетовке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттар және жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензиялар туралы ақпаратты орналастырсын.

4. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен салыстыру жүргізілді.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т.Тленчиевке жүктелсін.

6. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.

 

 Вице-министр                                                                  Б. Молдабеков

 

Дата публикации
30 декабря 2022