№ 5 от 05.01.2023
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына адамға:
Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:
Бигайша Жансериковна Булатоваға;
Айдар Ришатович Абдуллинге;
Расул Талгатович Кульбаевқа;
Сагыныш Карипжанович Абдраимовқа;
Малика Ордабековна Турашоваға;
Бакыткерей Дуйсегалиевич Жумагалиевке;
Жанибек Муратбекович Исакуловқа;
Камила Талгатовна Шаришеваға;
Ақтөре Жақсылықұлы Төлегеновке;
Ернур Болатбекович Рамазановқа;
Сауле Нұрғалиқызы Айтымбетоваға;
Жанбота Абдолдақызы Оразбаеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.
2. Мына адамға:
Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:
Алия Бейсембековна Бейсембековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттар және жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензиялар туралы ақпаратты орналастырсын.
4. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен салыстыру жүргізілді.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.
Вице-министр юстиции
Республики Казахстан А. Муканова