№ 1082 от 29.12.2022
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына адамға:
Прокурор және тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілімен прокуратура және тергеу органдарынан босатылған:
Канат Джанбирович Кульджановқа;
Эльбрус Султанкулович Султанкуловқа;
Манарбек Калайбекович Жанаевқа;
Сейтмагамбет Куандыкович Шильмановқа;
Болатбек Туреханович Садвакасовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін.
2. Мына адамдарға:
Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:
Салтанат Муратовна Нурмаганбетоваға;
Рахим Думанович Абеновке;
Камшат Тукеновна Мукановаға;
Максим Игоревич Астанинге;
Нұрсұлтан Қамбарұлы Сейітбековке;
Жулдуз Бекбулатовна Имангазинаға;
Жансая Изтлеуовна Бегимоваға;
Еркебулан Ерланович Жуматаевқа;
Алтай Оңғарұлы Нәлжігітовке;
Гульмира Бекзадаевна Камалиеваға;
Айсулу Аскаровна Амриге:
Акдары Бектурдиевна Кенгановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттар және жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензиялар туралы ақпаратты орналастырсын.
4. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен салыстыру жүргізілді.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т.Тленчиевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.
Қазақстан Республикасы
әділет вице-министрі Б. Молдабеков