Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 1076 от 28.12.2022

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы  2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айгерим Муратовна Айкешеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы 22 сәуірде берілген № 0001392 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.М. Айкешеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.М. Айкешеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: нотариус А.М. Айкешеваның өтініші және Астана қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 27 желтақсандағы № 1-05/36627 ұсынуы.

 

Вице-министр                                                                          Б. Молдабеков

Дата публикации
28 декабря 2022