№ 1072 от 28.12.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Шерзод Алымович Бабановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 28 желтоқсанда берілген № 13020450 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Қызылорда облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ш.А. Бабановтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Ш.А. Бабановтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ш.А. Бабановтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің 05.12.2022 жылғы №4/2058 ұсынысы, Қызылорда қаласы №2 сотының 11.11.2022 жылғы үкімі.
Вице-министр Б. Молдабеков