№ 1071 от 28.12.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Галия Максутовна Негметоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылдың 6 тамызында берілген № 14011286 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.М. Негметованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамасыз етіп уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.М. Негметованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2022 жылдың 22 желтоқсанындағы №1-05/34636 ұсынысы, Астана қаласының Алматы аудандық сотының 2022 жылдың 21 желтоқсанындағы ұйғарымы.
Вице-министр Б. Молдабеков