Мемлекеттің пайдасына бұрынғы шенеунік Абылай Мырзахметовтен берешекті өндіру туралы петиция

ҚР Әділет министрлігіне Otinish.kz  және Alash-online сайттары арқылы Петиция түсті, оның сілтемесі Facebook және т.б. қатардағы пайдаланушылардың парағында таралған. (Д. Сейсембаев, С. Зиябеков):

 - Мемлекеттің пайдасына бұрынғы шенеунік Абылай  Мырзахметовтен 4.3 млрд  теңге мөлшерінде берешекті өндіру  және осы ақшаға студенттер үшін жатахан салу туралы(дауыс саны 412);

 - Өз кезегінде ҚР Әділетмині петиция бойынша өз ұстанымын хабарлайды:

«Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» (бұдан әрі- АІО ААЖ) (2015 жылдан жұмыс жасайды) деректер қорының мәліметтеріне сәйкес Астана және Алматы ққ.жеке сот орындаушыларының орындауында (бұдан әрі-ЖСО) А.И.Мырзахметовке қатысты 5 (бес) заңды тұлғалардың пайдасына өндіру туралы атқарушылық  іс жүргізу бар.

1. Алматы қ. ЖСО Э.Абдильдинада орындауда А.И.Мырзахметовтан, «Qazaq abyroi» ЖШС ортақтас тәртіпте, «Специальная финансовая компания DSFK (ДСФК)» ЖШС пайдасына өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу, берешектің қалдық сомасы 736 447,30 АҚШ доллары, 30 цент мөлшерінде және кепіл нысанына өндіріп алу туралы өтініш бар, ол бойынша к/н 20-313-051-001, жалпы ауданы 1,2927 га, Алматы қ, Бостандық ауданы, Ерменсай шағ. ауд, 6-тұйық көшесі, №2б участок мекенжайы бойынша орналасқан (Алматы қ, №1  Бостандық аудандық сотының шешімі негізінде)жер учаскесі түріндегі қарыз шарты бойынша міндеттеме қамтамасыз етілді.

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкерге қатысты мәжбүрлеп орындау шарасы қолданылды.

Тыйым салынған жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша есепке сәйкес жоғарыда көрсетілген мүліктің құны 748 455 054 теңге. мөлшерінде белгіленді.

Осы уақытқа дейін мүлік сатылмады.

2. Алматы қ. ЖСО Ж.Садыгүлдің орындауында А.И.Мырзахметовтен өндіріп алушы «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ пайдасына 1 782 378 008, 33 теңге мөлшерінде өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бар ( Алматы қ. нотариаттық жазба негізінде)

ЖСО борышкерге қатысты мәжбүрлеп орындау шарасын қолданды.

2022 жылы 5  қыркүйекте ЖСО жылжымайтын мүлікті  (Алматы қ. Ботаникалық бақ көш, 16-үй,3-пәтер (сондай-ақ осы мекенжайдагы гараж)  Астана қ, Есіл, Е 664,6 (жеке үй) борышкерге үш ай мерзімімен өздігінше сатуға рұқсат берді.

3,4,5. Астана қ. ЖСО  А.М.Ихсангалидің орындауында 2021 жылғы 9, 12 желтоқсандағы, 2022 жылғы 7 шілдедегі  «Qazaq abyroi» ЖШС,  «Комбинат Фараб» ЖШС,  А.О.Тлеубаевтан,  А.И.Мырзахметовтен ортақтас тәртіпте «Tengri Bank» АҚ тарату комиссиясының пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық  іс жүргізу бар.

- берешек сомасы 3 115 603 АҚШ доллары, 36 цент.  ҚР Ұлттық банкінің сайтында 2021 жылғы 9 желтоқсанда 1 АҚШ долларының курсы 434,46 теңгені құрайды, яғни 3 115 603,36 АҚШ доллары  434,46 теңге = 1 353 605 035,79 теңге;

мемлекеттік баж салығының төлемі бойынша шығыстар 1 127 219 теңге,атқарушылық жазбаны жасау бойынша шығыстар1 116 756 теңге;

- берешек сомасы 881 556 916 теңге мөлшерінде.

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде  ЖСО мәжбүрлеп орындау шарасын қолданды.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 33-бабының 3-тармағына сәйкес борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.

Осыған байланысты борышкер шетелде емделу қажеттілігі туралы растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін ЖСО екі рет (2022 жылғы 27 қаңтар және 17 маусымда) Қазақстан Ресепубликасынан шығуғауақытша шектеуді алып тастау жөнінде шаралар қабылдаған.

Қолданыстағы заңнамаға сійкес шығуға уақытша тыйым салу алып тасталмайды, тек тоқтатыла тұрады. Осыған байланысты 2022 жылы 17 қарашада Астана қаласы әділет департаментң Астана қаласы Есіл аудандық сотына Астана қ. ЖСО  А.М.Ихсангалидің  қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензиясының қолданысынан айыру туралы талап –арыз жолдады.

2022 жылғы 7 қыркүйекте ЖСО Астана қаласы Есіл аудандық сотына және Алматы қ, Бостандық аудандық сотына  борышкердің мүлкіне (Алматы қ. Ботаникалық бақ көш, 16-үй, 3-пәтер (сондай-ақ осы мекенжайдагы гараж)  Астана қ, Есіл, Е 664,6 (жеке үй мекенжайы бойынша) өндіріп алу туралы ұсыным жіберді.

Анықтамалық: АІО ААЖ базасында  борышкерде (Алматы қ. Ботаникалық бақ көш, 16-үй, 3-пәтер (сондай-ақ осы мекенжайдагы гараж) , Алматы қ, Бостандық ауданы, Ерменсай шағ. ауд, 6-тұйық көшесі, №2б участок  (кепілдік қамтамасыз ету);  Астана қ, Есіл, Е 664,6 (жеке үй мекенжайы бойыншаорналасқан жылжымайтын мүлік тіркелген, автокөлік құралы жоқ.

Дата публикации
02 декабря 2022