№ 1056 от 23.12.2022
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Тегін өзгертуіне байланысты, Бахыт Утеуовна Жетписбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2015 жылы 22 сәуірінде берілген №15007440 мемлекеттік лицензиясы Бахыт Утеуге қайта ресімделсін.
2. 2015 жылы 22 сәуіріндегі нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 15007440 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вице-министр А. Муканова