№ 1053 от 23.12.2022
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Заңның 144-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Зияш Сергазыевна Жаманбалиноваға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2015 жылғы 12 тамыздағы №2017 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:
1) осы бұйрықпен жеке сот орындаушысы таныстырылсын;
2) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
3) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;
4) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;
5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.
3. Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.
4. Мәжбүрлеп орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындау департаментіне жүктелсін (Т. Әбубәкір).
6. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 2020 жылғы 15 желтоқсандағы қайтыс болу туралы куәлік.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі А. Мадалиев