№ 1031 от 19.12.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алма Мейрамовна Сарманованың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылғы 27 шілдеде берілген № 0000155 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 22 қарашасына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Түркістан облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.М.Сарманованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 13 желтоқсандағы № 02-75-6/1847-И ұсынысы, 2022 жылдың 22 қарашадағы А.М.Сарманованың өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев