№ 1009 от 09.12.2022
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылы 3 қарашада Лейла Шарапқызы Шараповаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003375 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
2. Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Л.Ш. Шарапованың, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның назарына жеткізу бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Л.Ш. Шарапованың 2022 жылдың 09 қарашадағы өтініші.
Вице-министр А. Муканова