№ 1025 от 15.12.2022
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылғы
20 қаңтарда М.Н. Дүйсенғалиға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 20000944 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үкім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Жамбыл облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
М.Н. Дүйсенғалиға, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Жамбыл облысы Әділет Департаментінің 15.11..2022 ж. ұсынымы, Жамбыл облысы прокуроры орынбасарының 07.10.2022 ж. айыптау актісі.
Вице-министр А. Ахметова