№ 1036 от 20.12.2022
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3-1- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылғы 20 қаңтарда Алия Амангельдиновна Айтоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 16000750 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Айтованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №2-05/35900 ұсынысы, А.А.Айтованың 2022 жылдың 15 желтоқсанындағы арызы.
Вице-министр А. Мадалиев