№ 1022 от 14.12.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Фардана Валиолдановна Данабековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылдың 7 мамырында берілген №0001377 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
тоқтатылсын.
2. Алматы қаласы Әділет департаменті:
1) Алматы қаласының нотариаттық палатасына хабарлау;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ф.В. Данабекованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру;
3) жекеше нотариус Ф.В. Данабекованың мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2022 жылдың 12 желтоқсанындағы № 07-15/8863-И ұсынысы және 2022 жылдың 16 маусымындағы №20-555-22-0000918 қайтыс болу туралы акт жазбасы.
Вице-министр А. Муканова