Лицензияның күшін тоқтату туралы

№ 1026 от 15.12.2022 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармағы 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың 11 ақпанында Куралай Сейплмаликовна Рамазановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001065 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Жетісу облысы Әділет департаментіне:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус К.С. Рамазанованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус К.С. Рамазанованың мөрін жою ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Жетісу облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 24 қарашасындағы № 60-06-17/180-И ұсынысы, 2022 жылдың 19 сәуіріндегі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы.

 

Вице-министр                                                                               А. Ахметова

Дата публикации
15 декабря 2022