Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 1017 от 13.12.2022 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Майра Бейсеновна Елеусизоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 14 қыркүйекте берілген № 12011568 мемлекеттік лицензиясының қолданысын 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус М.Б. Елеусизованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2022 жылдың 8 желтоқсандағы № 2-05/32738 ұсынуы, нотариустың 2022 жылдың 18 қарашасындағы М.Б. Елеусизованың өтініші.

 

Вице-министр                                                                   А.  Муканова

 

 

Дата публикации
13 декабря 2022