№ 1019 от 13.12.2022
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Тегін өзгертуіне байланысты, Ғанибек Тұргынбекұлы Рабантегіге адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 2020 жылы 19 тамызындағы берілген №20011443 мемлекеттік лицензиясы Ғанибек Тұрғынбекұлы Рабанға қайта ресімделсін.
2. 2020 жылы 19 тамызындағы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №20011443 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) Лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вице-министр А. Муканова