№ 1014 от 12.12.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Али Аскарға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2004 жылғы 28 шілдеде берілген № 0001908 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Алматы облысы Әділет департаменті:
1) жекеше нотариус Али Аскардың мөрін жою ұйымдастырылсын;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Али Аскардың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 16.11.2022 жылғы №06-20/1422-И ұсынысы, 14.06.2022 ж. қайтыс болуды туралы куәлігі.
Вице-министр А. Ахметова