Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 1012 от 12.12.2022 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы  2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Салтанат Кайляевна Сарсембековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 29 наурызында берілген № 13004637 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2023 жылдың 1 қаңтарынан 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус С.К. Сарсембекованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: нотариус С.К. Сарсембекованың өтініші және Астана қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 2-05/34949 ұсынуы.

 

Вице-министр                                                                              А. Ахметова

 

 

Дата публикации
12 декабря 2022