№ 985 от 30.11.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Аида Аблайевна Букумбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 28 қазанда берілген № 14016081 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Алматы қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Букумбаеваның назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус А.А. Букумбаеваның мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Букумбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 03.11.2022 жылғы № 07-08/7814-И ұсынысы, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 10.06.2022 жылғы шешімі, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 06 қазандағы қаулысы.
Вице-министр А. Ахметова