№ 976 от 29.11.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанна Абаевна Нурлыбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2019 жылғы 9 шілдеде берілген №19014570 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.А.Нурлыбаеваның назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Ж.А.Нурлыбаеваның мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.А. Нурлыбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Астана қаласы Сарыарка аудандық сотының 2022 жылғы 19 қыркүйектегі шешімі.
Вице-министр А. Ахметова