№ 963 от 25.11.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 2-1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Шерзод Алымович Бабановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 28 желтоқсанында берілген №13020450 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Қызылорда облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ш.А.Бабановтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамасыз етіп уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ш.А.Бабановтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 04 қарашасындағы № 1-4/1878 ұсынуы, Қызылорда қаласы прокуратурасының 2022 жылғы 30 қазандағы процестік келісімі.
Вице-министр А. Мадалиев