Құқықтық саясат департаменті автор Қарасай Архат Оралбекұлының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) өзгеріс енгізу бойынша петициясының мазмұнын қарастырып, өз құзыреті шегінде келесіні хабарлайды.
Атап айтқанда, Кодекстің 804-бабына өзгеріс енгізіп, тіл саласындағы уәкілетті орган болып табылатын Тіл саясаты комитеті мен оның жергілікті жердегі өкілдіктеріне Кодекстің 75-бабымен «Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық» әкімшілік хаттама толтыру құқығын беру.
Алайда қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық бойынша әкімшілік істерді Кодекстің 729-бабына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және 731-2-бабына сәйкес тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі) қарайды.
Анықтама: Тіл саясаты комитеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Демек, Кодекстің ережелеріне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органда және тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органда аталған әкімшілік істер бойынша хаттама толтыру құқығы бар.
Ақпарат ретінде, Кодекстің 804-бабының бірінші бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға қандай лауазымды адамдардың және қандай баптар немесе баптар бойынша құқығы бар екенін анықтайды, алайда бұл істерді қарау соттардың құзыретіне жатады.