Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 961 от 23.11.2022 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Тамара Ниетуллаевна Куанышеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2006 жылғы
23 наурызда берілген № № 0000416 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
тоқтатылсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1)  Астана қаласының нотариаттық палатасына хабарлау;

2) көрсетілген нотариустың нотариаттық құжаттарын жеке нотариаттық мұрағатқа тапсыру;

3) жекеше нотариус Т.Н.Куанышеваның мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 21.11.2022 жылғы № 2-05/32626 ұсынуы және 07.11.2022 жылғы № 20-735-22-0001241 қайтыс болу туралы акт жазбасы. 

 

Вице-министр                                                                       А. Ахметова

 

Дата публикации
23 ноября 2022