№ 960 от 23.11.2022
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылдың
05 желтоқсанда Сапар Култасович Турабаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14018200 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Түркістан облысы Әділет департаменті:
1) С.К.Турабаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Түркістан облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) С.К.Турабаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 09.11.2022 жылғы ұсынысы, 22.10.2022 жылғы № 20-726-22-0000543 қайтыс болу туралы акт жазбасы.
Вице-министр А. Ахметова