Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 955 от 22.11.2022

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44 бабы 3-тармағы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылғы
24 мамырда Жолдыбай Жумакулович Кобенгалиевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001476 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Маңғыстау облысы Әділет Департаменті:

1) Ж.Ж.Кобенгалиевтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

2) Ж.Ж.Кобенгалиевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Манғыстау облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 09 қарашадағы № 05-07/1714-И ұсынуы, Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының 2022 жылдың 14 қазанындағы үкімі, Маңғыстау облысы адвокаттар алқасының 2022 жылдың 03 қарашасында шығ. № 599 өтінішхаты.

 

 

Вице-министр                                                                                   А. Ахметова

Дата публикации
22 ноября 2022