№ 951 от 21.11.2022
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылғы
01 қыркүйегінде Асель Маграшевна Махамбетова-Калыковаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003260 мемлекеттік лицензиясының қолданысы мерзімі үкім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Павлодар облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
А.М. Махамбетова-Калыкованың, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Павлодар облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 04 қазандағы № -6/5344-И ұсынуы, 2022 жылдың 30 мамырдағы Павлодар облысы прокурорының орынбасары беіткен айыптау актісі.
Вице-министр А. Ахметова