Лицензияны қайта ресімдеу туралы

№ 946 от 18.11.2022 

Қазақстан  Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының  33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Тегін және әкесінің атын өзгертуіне байланысты, Мухамед-кали Булатбекович Ахмутиновқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 2021 жылдың 09 сәуірінде берілген №21014655 мемлекеттік лицензиясы Мухамед-кали Толеубайұлы Молдахметке  қайта ресімделсін.

2. 2021 жылдың 09 сәуіріндегі адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №21014655 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.

3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Вице-министр                                                                                  А. Ахметова

 

 

 

Дата публикации
18 ноября 2022